Бүгінгі таңда балалардың дарынын ашу мақсатында оларды ерте жастан ғылыми жұмыстар жазуға баулып, өз беттерімен зерттеулер жүргізуге үйретеміз. Шал ақын ауданының оқушылары өздерінің зерттеу жұмыстарын ғылыми-жобалар сайысында қорғады.
Ғ.Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің 9-сынып оқушысы Даяна Қаби “Туған жерімнің қасиеттері” атты зерттеу жұмысында ауылдың тыныс-тіршілігіне, шаруашылығына оның әлеуметтік-экономикалық жағдайына және ахуалына талдау жасап, көптеген мәліметтер жинады. Іздену мен зерттеудің арқасында ғылыми-жоба сайысында жүлделі орын алып қайттық.
Күләй ШЕКЕНОВА,
Жаңажол орта мектебі
география пәнінің мұғалімі.
Шал ақын ауданы.