«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРІКТІЛЕРДІ ЖҰМЫЛДЫРУ КЕРЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы облыстық филиалының төрағасы Жангелді Тәжинмен сұхбаттасты.

“Латын графикасы негізінде қазақтың ұлттық әліпбиін түзу, қалыптастыру және қолданысқа енгізу – өскелең өмір мен өзгермелі уақыттың талабы”, – деген Жангелді Тәжин жаңа қазақ әліпбиі – елдің санасын жаңғыртатын, әлемдік кеңістіктегі ауқымды ой қазынасына жол ашатын, тіл ережелерін қайтадан жасауға мүмкіндік беретін реформа екенін айтты.

Тілдік реформаға тұрғындардың басым бөлігі, әсіресе, жастар оң көзқарас танытуда. Жаңа графикаға көшуді кезең-кезеңмен жүзеге асыру әдістемелік құралдар мен технологияларды әзірлеуге, оның сапалы жүзеге асуына мүмкіндік береді.

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласында латын графикасына көшу мерзімі мен алда тұрған міндеттерді айқындап берді. Біз қазақ тіліне негізделген латын қарпін енгізіп қана қоймай, сөзжасам, фонетикалық, морфологиялық ережелердің бәрін қайта қарастыратын боламыз. Барлық тіл мамандары, жанашырлары күш-жігерімізді осы бағытқа жұмсап, жұмылып жұмыс істеуге міндеттіміз, – деді Жангелді Уақпанұлы.

Латын қарпіне көшу біздің шетелдерде тұрып жатқан этникалық қазақтармен қарым-қатынасымыздың жақсаруына ықпал етеді. Олар латын алфавиті арқылы қазақ тіліндегі әдебиеттер мен оқулықтарға еркін қол жеткізетін болады. Сонымен қатар латын әліпбиін енгізудің басқа да басымдықтары бұқаралық ақпарат құралдарында айтылып жүр.

Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы облыстық филиалының төрағасы Жангелді Тәжиннің айтуынша, қазірден бастап латын графикасына көшуді сөзден іске асыра бастаған дұрыс. Латын графикасына көшудің тиімді де жүйелі жүргізілуі үшін оған тартылған топтардың үйлесімді жұмысы қажет. Облыстық, қалалық, аудандық әкімдіктер жанында арнайы комиссиялар құрылып, олар тұрғындармен, жастармен түсінік жүргізетін мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың жұмыстарын жоспарлап, үйлестіріп отырулары керек. Тұрғындардың, соның ішінде ауылдықтардың арасында жас ерекшеліктеріне қарай үгіт-насихат, түсінік жұмыстарын жүргізуді ұсынған Жангелді Тәжин бұл іске “ЭКСПО – 2017” халықаралық көрмесінде өздерін көрсете білген студенттерден жасақталған еріктілерді тартқан тиімді екенін айтты.

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp