«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласында өңіріміздің кәсіпкерлік субъектілеріне арналған “Инновациялық даму және инвестицияларды тарту жүйесін қолдау бойынша шаралар кешені” атты екікүндік семинар өтті.

Елімізде инвестициялық басым жобаларды жүзеге асыратындар шығындарын өтеу түріндегі мемлекеттік қолдауға ие болады. Мәселен, жобаларды іске асыру үшін қажетті техникалық құрал-жабдықтар мен олардың қосалқы бөлшектерінің, шикізат пен материалдардың импорты кезінде кеден баждарын төлеуден босатылады. Инвестициялық стратегиялық жобалар үшін салық жеңілдіктері жеті жылға дейін беріледі. Мұнымен қоса, олар заттай гранттарға да ие болуы мүмкін. Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының қолдауымен, тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқығын қорғау қауымдастығы ұйымдастырған семинарда осы сынды инвестициялық преференциялар түрлері, оларға кімдердің және не үшін ие бола алатындығы, алу мерзімдері мен шарттары егжей-тегжейлі талқыланды.

Қазақстандық индустрияны дамыту институтының бас сарапшысы Данара Оразалинованың айтуынша, инвестициялық басым жобаны жүзеге асырушының бизнес-жоспарын жасауына, біліктілікті арттыруға және тағы басқа мақсаттарға жұмсалған шығынының қырық пайызы өтеледі. Бірақ 30 миллион теңгеден аспайды. Институт өкілі кәсіпкерлерге өтініш берудің тәртібін түсіндірді.

Инвестициялық басым жобаларды жүзеге асыруға тартымды саналатын өндіріс түрлеріне азық-түлік, сусын, киім, тері, мұнай өңдеу, металлургия, металл бұйымдары мен химиялық өнімдердің, т. б. өндірісі жатады. Өңіріміздің инновациялық дамуына алғышарттар бар, тек мүмкіндіктерді пайдалана білу керек.

Семинар тақырыбын одан кейін бизнес жаттықтырушы Станислав Чукуев өрбітіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Шараның екінші күнінде тәжірибелік курстар өткізілді.

Зәуреш АСЫЛБЕКОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp