«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САНА ЖАҢҒЫРМАЙ, ҚОҒАМ СЕРПІЛМЕЙДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тәуелсіз елдігіміздің қалыптасуы, бастапқы даму кезеңдерінде ұлттық идеология бірден даңғыл жолға түсіп кете қойған жоқ. Өтпелі кезеңдерді өткерді. Өйткені, әуелі елді, оның экономикасын көтеру керек болғанын Елбасының өзі де үнемі еске салып отырды. “Әуелі – экономика, сосын – саясат” деген ұстанымға басымдық берілді. Оның нәтижесін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Қазақстан экономика мен саясатта таңдалған бағыт-бағдардың дұрыстығын сезінді. Мемлекетіміз ширек ғасырда әлемнің дамыған 50 елінің қатарына қосылды. Енді, міне, ұлттық идеологияға да кезек келді. Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласын, шын мәнінде, экономика мен саясатқа рухани өң беретін, шырай енгізетін ерекше бағдарламалық құжат деуге болады.

“Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның Үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, басымдылығымыз белгілі. Ол – əлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдылықтары мен оған жеткізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыстарымыздың бəрі дер уақытында жəне барынша тиімді жүзеге асатынына сенімдімін. Бірақ ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз. Мақсатқа жету үшін санамыздың ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси жəне экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады”, – деп Президент алға басуымыздың алғышарттарын атап көрсетті. Сана жаңғырмай, қоғам серпілмейді. Əлемдік бəсекелестікке қабілеттілік жаһандану үрдісіне біліммен, озық технологиялармен, қоғамның кемелденген сипатымен, жаңаша ойлап, еңбек ете білумен, осызаманғы ақпараттық технологиялардың тілін тауып, ұлы көштің додасына шынайы қосыла алумен ерекшеленеді. Елбасы бес институттық реформа аясында Ұлт жоспарының нақты қадамдарын жəне оны жүзеге асыру жолдарын ұсынған кезде еліміздің мемлекеттік институттары оны іс жүзінде бекемдеудің нақты іс-əрекеттерін қолға алды.

Үстіміздегі жылғы қараша айында өткен “Нұр Отан” партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде Елбасы бүгінгі күні еліміздің жаңғыру жолына түскенін атап көрсетті. Оның экономикасы, саяси күштері осы процеске сәйкес келуі тиіс. “Нұр Отан” партиясы реформаның мағынасын, бағдарын түсіндіретін мінбер ғана болып қоймай, сонымен қатар оның барлық деңгейдегі белсенді жүргізушісі де болуы тиіс. Әр нұротандық нақты бір учаскедегі мәселелерді шеше отырып, еліміздің игілігіне қызмет етуі қажет.

Бұл – біздің міндетіміз. Облыстық мәслихаттың барлық депутаттары “Нұр Отан” партиясының мүшесі болып табылады, олардың сегізі облыстық филиалдың саяси кеңесінің құрамына енгізілген. Жергілікті жерлерде депутаттар сайлаушыларымен кездесіп, әлеуметтік сала нысандарын аралайды, мектепке дейінгі мекемелердің жұмысымен, шағын және орта бизнестің дамуымен танысады.

Патриоттық сезім өз өлкесіне, кіші Отанына деген сүйіспеншіліктен басталады. “Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс”, – деп атап көрсетті Мемлекет басшысы өз мақаласында.

Біздің облыстық мәслихаттың депутаттары осы бағытта тындырымды жұмыстар атқарып, отансүйгіштік сезімдерін іс жүзінде көрсетуде. Новоникольск, Раисовка, Меңгесер, Заградовка, Ноғайбай, Төменгі Бұрлық, Аққұдық және басқа да ауылдарда агроқұрылым басшыларының қатысуымен, өздеріне сайлаушылар сенім артқан, осы жерде туып-өскен депутаттардың бастамасымен тұрғындардың өмірі мен еңбек ету жағдайын жақсарту шаралары жасалуда.

Депутат-басшылар өз сайлаушылары үшін ауқымды игі істер атқарып жатыр. Өз кәсіпорындарын дамытуды жоспарлағанда, олар әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа алады. Бұл қызметтегі басты бағыттардың бірі – қолдау көрсетуді қажет етушілерге қол ұшын беру. Мұндай басшылар Елбасының мақаласын нақты істерімен қолдауда. “Рухани жаңғыру” бағдарламасын іске асыру аясында депутаттар үстіміздегі жылы жаңа нысандар тапсыруға даярлануда. “Прометей-Агро” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Юрий Шоль Заградовка және бірнеше ауылдардың тұрғындары үшін мәдени-демалыс орталығын салуда. Онда балаларға арналған ойын алаңдары, теннис, бильярд, шаштараз, косметикалық салон орналастырылады.

Халық қалаулысы Геннадий Зенченко басқаратын “Зенченко және К” коммандиттік серіктестігі Новоникольск ауылында 21 пәтерді пайдалануға берді. Оларға ауыл тұрғындары қоныстанды. Мұнда биыл мал ұстауға арналған үш нысан іске қосылды, екі мал кешені салынуда. “Мәмбетов және К” коммандиттік серіктестігінің бас директоры Еркебұлан Мәмбетов жыл сайын өз жұмысшыларының тұрмыс жағдайын жақсартуға көп көңіл бөледі, жаңа үйлер салады. Мағжан Жұмабаев ауданының Ноғайбай ауылында осы аттас жауапкершілігі шектеулі серіктестікті басқарып отырған Алтынбек Сапаров биыл медициналық пункт, футбол ойнайтын алаң салды, келесі жылы хоккей қорапшасын тұрғызуды жоспарлап отыр.

“Қазақстандағы 100 жаңа есім” жобасы аясында тəуелсіздік жылдарындағы жетістіктерімізді, белгілі адамдардың өмірі мен өнегесін, еңбегімен елге танымал замандастарымыздың өмір жолын қоғамға таныту ісі кең көлемде жүргізіледі. Негізінен, ел бірлігі мен мұратына, ұлт тəуелсіздігіне білімі мен еңбегін арнаған танымал тұлғаларды құрметтеу – бұл жаңашыл бастама əрі ел дамуына, рухани жаңғыру ісіне мол мүмкіндіктер береді. Бұл тұста, кеше мен келешек хақында байыпты бағалау, саралаулар жасалады. Осындай адамдардың қатарында біздің облыстық мәслихаттың депутаттары Геннадий Зенченко мен Равиль Евдаевтың болуы – біз үшін мақтаныш. Олардың еңбегі айтуға тұрарлық, Қазақстандағы жаңа тұлғалар қатарынан көреміз деп үміттенеміз. Бүгінгі халық қалаулыларының басты міндеті – негізгі күш-жігерді рухани санамыздың жаңғыруына салып, атқарылып жатқан талай ізгі, игілікті істерге сенім арта отырып, жүзеге асырылуына бірге атсалысу болмақ.

Владимир БУБЕНКО,

облыстық мәслихаттың хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp