Облыс әкімдігінің отырысында жаңажылдық шыршаны безендіруге бюджеттен қаражат жұмсау тәжiрибесiн тоқтату туралы Петропавл қаласының басшысына тапсырма берілді.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов бұл ретте былтырғы шыршалар мен ойыншықтарды пайдалануды ұсынды, ал үнемделген қаржы қаланы абаттандыруға жұмсалуы керек. Мұз қалашықтарын демеушiлердiң көмегiмен салуға болады.