Облыста бірқатар әлеуметтік маңызды бағыттарда автобуспен жолаушылар тасымалдау тарифтері бекітілді.
Әзірге үш бағыт таңдап алынған. Петропавлдан Ақсуатқа, Молодогвардейскіге және Қарақоғаға баратын бағыттарда әр шақырымның құны 6 теңге болып белгіленді. Ал облыс бойынша орташа баға 7 теңге, сондықтан осы үш бағытқа ғана облыс бюджетінен жылына 30 млн. теңге субсидия бөлінеді. Осылайша облысішілік жолаушы тасымалымен айналысушыларға қаржылық қолдау жасалмақшы.