Бас шырша биыл облыстық әкімдік алдында тұрғызылады. Қалған екеуін – қалалық әкімдік пен вокзал маңында орнату көзделген.
Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың әкімдіктің отырысында берген тапсырмасына сәйкес биыл жаңажылдық шыршаларды безендіруге өткен жылдардан қалған сәулеттік бұйымдар қолданылып, бюджет қаржысы жұмсалмайды. Ал бас шыршаның салтанатты ашылуы Тәуелсіздік мерекесі өткен соң, желтоқсанның 20-на белгіленген.