Жыл басынан бері облыста 32 ересек адам және 2 бала өрт салдарынан қаза тапты.
Мамандардың талдауы бойынша, өрт саны да, өрттен қаза тапқандар қатары да азаймай отыр. Өрт қауіпсіздігі шараларына мән берілмеуінен қайғылы оқиғалар негізінен тұрғын үйлерде болған. Мәселен, биылғы жылғы 627 өрттің 461-і жеке сектордағы үйлерде тіркелген екен.