«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СӘЙГҮЛІК МІНЕЗДІ АҚЫН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұрнағы күні өңірімізге белгілі ақын, “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Дәулеткерей Кәпұлы келіп, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде “Қасқыр емген қалыбыма тартармын…” атты оқырмандармен кездесу кешін өткізді.

Рухани кештің тізгінін ұстаған айтыс ақыны Жарқын Жұпархан мейманды алдымен дүйім жұртшылыққа таныстырып, сөз кезегін ұсынды.

– Мағжан, Смағұл, Ғабит, Сәбит аталарымыздай небір ұлыларды өмірге әкелген Қызылжардың қасиетті топырағына арнайы табанымызды тигізіп, сіздермен жүздесуім кездейсоқ жағдай емес. Осыдан бірнеше жыл бұрын осы залда өлеңсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленген едім, – деген ақын бірнеше өлеңдерін оқыды.

Содан кейін М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры Айдос Мұқатай сөз алып, ақынға оқу орнының ректоры Серік Өмірбаевтың атынан Алғыс хат табыс етті. Университеттің профессоры Зарқын Тайшыбай Дәулеткерей Кәпұлының шығармашылығы, ақындық дарыны туралы әсерлі сөз сабақтады.

Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры Жарасбай Сүлейменов жастарға Дәулеткерей ақынның терең талғаммен, ерекше ізденіспен, сыршыл сезіммен өрілген өлеңдерімен танысуға кеңес берді.

Жырлары дала табиғатымен үндес сәйгүлік мінезді ақын бүгіндері Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде ұстаздық етіп жүр. Оның қаламынан “Шертолғақ”, “Бүлдірген ағып түскенше…” атты жыр жинақтары мен зерттеу еңбектері туған. Кеш барысында студенттер мен облыстық ақындар орталығының шәкірттері қаламгердің өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды.

Нұргүл ОҚАШЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

 

Суреттерді түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp