«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЮДЖЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ МАҢЫЗДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үстіміздегі жылы өңіріміздегі “Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институты” жекеменшік мекемесі облыстық бюджеттердің ашықтық деңгейін анықтау үшін республикалық зерттеу өткізді. Аталған үкіметтік емес ұйым “дөңгелек үстел” барысында осы зерттеудің қорытындысымен таныстырды.

Жергілікті бюджеттердің ашықтық деңгейін зерттеу 14 облыс пен республикалық маңыздағы екі қаланы қамтыған. Әр өңірдің тұрғындары 2016 жылғы бюджеттік үдерістің барлық кезеңдері жөніндегі хабардың бұқаралық ақпарат құралдарына, мәслихат, әкімдік және үкіметтік емес ұйымдардың сайттарына жариялануына байланысты 56 сауалға жауап берген. Зерттеу қорытындысы бойынша өңіріміз төртінші орыннан көрінсе, алғашқы үштік Шығыс Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарына тиесілі.

– Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі аймақтық деңгейдегі бюджеттік үдерістердің ашықтығын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл зерттеу бюджеттік ақпараттардың жалпы қолжетімділік деңгейін, оны жоспарлауға қоғамның қатысу тәжірибесін, жергілікті биліктің бюджет туралы ақпараттарды таратудағы қызметін көрсетеді, – дейді “Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институты” жекеменшік мекемесінің директоры Сергей Худяков.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

 

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp