Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында өткен алқа мәжілісінде қысқы спорт маусымына дайындық мәселесі талқыланып, кейбір ауылдық жерлердегі нысандардың мүшкіл жағдайы сынға алынды.
Шал ақын ауданында барлығы 149 спорт нысаны болса, соның 124-і ауылдарда орна-ласқан. Қоршалған және жарықтандырылған 30 хоккей қорапшасы бар. Аудандық спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мар-гарита Сыскованың айтуынша, қолдағы 225 шаңғы мен 175 коньки спорт үйірмелеріне қа-тысушыларға жеткіліксіз. Ал аудан тұрғында-ры үшін ақылы түрде коньки немесе шаңғы тебу мүлдем ойластырылмаған.
Биылғы “Солтүстік – 2018” қысқы спар-такиадасы өтетін Есіл ауданының Заградовка ауылында “Прометей Агро” ЖШС салған жа-бық хоккей қорапшасы жұмыс істейді. Шаңғы базасы, жаттығу кешені және 30 хоккей қорап-шасы ашылған. Спорт бөлімінің басшысы Аза-мат Жолдаяқов мұз айдынын құю желтоқсан-ның ортасынан әрі қарай жүргізілетінін жеткіз-ді. Осы ауданның Покровка ауылында кез кел-ген адамға шаңғыны жалға алып, сырғанауға мүмкіндік жасалған. Биыл барлық ауылдарды қамту көзделіп отыр екен.
Спорт басқармасының мамандары жүргіз-ген сараптама көрсеткендей, кейбір елді ме-кендердегі спорт кешендері мүлдем күтім көр-мепті. Мысалы, Есіл ауданына қарасты Пет-ровка ауылында бір мың адам оқитын кол-ледждің хоккей қорапшасы қирап жатыр. Пок-ровка ауылындағы 1700 студенті бар колледж де қысқа дайындалмаған. Аққайың ауданы-ның Астраханка ауылындағы қорапшасы мүл-дем жарамсыз халде. Басқарманың маманы Жанна Қанафинаның ақпаратынша, кей ау-дандар хоккей қорапшаларының саны және сапасы жөнінде жалған ақпарат берген.
– Хоккей қорапшалары бар, бірақ салынған нысандарды күтіп ұстау жағы ақсап тұр. Аудандарда балалар мен жасөспірімдер спорты әлсіз дамуда. Бұл жалпы спорттың да-муына кері әсер етеді. Cебебі, көптеген дарын-ды спортшыларымыз ауылдан шыққанын біле-міз. Мысалы, Александр Винокуров, Алексей Луценко, Маргарита Мұқашева, Айдар Қазов, Татьяна Сокирко мен Данияр Кәленовті айтуға болады, – деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин.
Алқа мәжілісінде Петропавл қаласындағы спорт нысандарының даярлығы да таразыға тартылды. Салалық бөлімнің басшысы Да-нияр Жолдаспаевтың айтуынша, 2014-2015 жылдар аралығында көпбейінді 11 хоккей қо-рапшасы пайдалануға берілген, қазіргі уақыт-та қалада барлығы 36 қорапшасы бар. Спорт кешенінде, “Қарасай” стадионында және “Основание” ЖШС-і салған жабық кешендер-де коньки тебуге болады. Бөлім басшысының сөзінше, 2017-2018 жылғы маусымда 26 мұз айдыны құйылады, оны көпқабатты үйлердің аулаларында, тағы оны мектептердің спорт алаңқайларында болады. Бес шаңғы жолы салынады. Биыл қалалық саябақта, Борки кентінде, “Қарасай” стадионына қарсы бетте, Қарғалы аралы және “GreenPark” демалыс базасында шаңғы тебуге мүмкіндік жасалады. Қазақ мектеп-гимназиясы мен №10, №23, №1, №42, №27, №8 орта мектептерде шаңғы базалары орналасады. Сонымен қатар “Қа-расай”, “Жастар” стадиондары, Борки кенті мен Спорт сарайында спорт жабдықтарын жалға алуға болады. Биылғы жылы Петропавл қаласының білім мекемелері 5,3 миллион тең-геге 250 жұп шаңғы сатып алған. Қазіргі таңда мектептерде 1400 шаңғы, 300 коньки бар.
Қыс қызықты сайыстарға толы болады. Жасөспірімдер арасында хоккейден “Алтын шайба” қалалық турнирі, облыстық “Денсау-лық күні” аясындағы шаңғы жарыстарын ерек-ше атап өткен жөн. Сондай-ақ, футболдан қаланың қысқы чемпионатын өткізу жоспар-ланған. Ал қыстың басты жаңалығы – жел-тоқсан айында Есіл өзенінің жағасында тау шаңғысы кешенінің ашылуы болмақ. Спорт-сүйер қала тұрғындары онда тау шаңғысы және сноуборд сынды спорт түрлерімен айна-лыса алады.
Анна ПЕНЬКОВА,
облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының
баспасөз хатшысы.