Тұңғыш Президент күніне орай департаментіміздің жедел-құтқару жасағы спорттық сайыс түрлерін ұйымдастырып келеді. Жуырда құтқарушылар турникке тартылу, гір көтеру бойынша өз күштерін сынады. Мұндай жаттығулар жұмыс барысында қажет болып жататынын ескерсек, саламатты өмір салтын ұстанатын жігіттердің дайындығы жоғары деңгейде болуы тиіс.
Жарыс нәтижелері бойынша турникке тартылудан Алтынбек Нараш, гір көтеруден Сергей Пушкарский, ал гимнастикалық жаттығулардан Данияр Бадилов бірінші орындарға ие болды. Жеңімпаздарға грамоталар, сыйлықтар табысталды.
Ораз ҚАРШАЛОВ,
облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы.