«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕҢГЕТАЙЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде “Stop-трафик” жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Іс-шараның алғашқы күнінде облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жезөкшелікпен айналысудың екі фактісін анықтады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 308-бабы “Жезөкшелiкпен айналысуға тартуды” көздейтін қылмысты жасады деген күдікпен Петропавл қаласының 32 жастағы тұрғыны ұсталды. Жедел іс-шаралар барысында анықталғандай, ол 21 жастағы ауыл тұрғынын жезөкшелікпен айналысуға тартқан. Қыз клиенттермен саунада кездесіп, алған табысын қожайынымен бөлісіп отырған. Бүгінгі таңда күдікті азаматты жеңгетайлық үшін жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде.

Тағы бір петропавлдық та осыған ұқсас қылмыс жасады деген күдікке ілініп отыр. Ол 17 жастағы бойжеткенді “тән саудасына” тартқан. Егер оның қылмысы дәлелденер болса, онда Қылмыстық кодекстің 134-бабы “Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту” бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp