«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САЛЫҒЫ ТӨЛЕНБЕГЕН ТЕМЕКІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Акциздік маркасы жоқ темекі тәркіленді. Барлығы – жиырма жәшік. Олардың әрқайсысының ішінде 500 дана темекі қорабы бар. Өнімнің бәрі мемлекеттік стандартқа сай болғанымен, акциздік маркалары жоқ. Бұл тауар үшін қажетті салықтар төленбегенін білдіреді.

– Мамлют ауданындағы “Жаңа жол” бекетінде облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің жедел тобы автокөлікті тоқтатты. Оның ішінен тауарлық жүкқұжаты жоқ он мың “ROYAL” темекі қорабы табылды. Бұл іс бойынша сот өтті. Біз бүгін осы шешімді орындаудамыз, – деді облыстық әділет департаменті бөлімінің сот орындаушысы Әсем Сабиева.

Бұл істі Мамлют аудандық соты қарады. Оның шешімі бойынша, темекі өнімдері облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне тапсырылды. Енді тауардың тағдырын арнайы құрылған комиссия шешетін болады.

Облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті бөлімінің бас маманы Қорғанбек Бейсенбиннің айтуынша, енді арнайы ведомствоаралық комиссия құрылып, темекі өнімі бойынша шешім қабылданатын болады. Бұл тауар сатылады немесе жойылады.

Акциздік маркасы жоқ болып шыққан темекінің құны үш миллион теңгеден асады. Онымен қоса, заңсыз тауарды саудаламақ болған адамға 113 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp