Петропавлда бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем кубогының иегері Камиль Сафинді еске түсіруге арналған V республикалық турнир басталды. Дәстүрлі жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 2000-2001 жылдары туған 120 жас былғары қолғап шебері қатысуда. Боксшылар 11 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтайды. Бәсі биік бәсеке бес күнге созылып, ақтық кезең мен жабылу салтанаты 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні өтеді.
Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.
Суретті түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ.