«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРИЯ — АҚЫЛЫ ТЕҢІЗ ДАРИЯ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Назарбаев Зияткерлік мектебінде “Отан отбасынан басталады” тақырыбында кездесу өтті. Шараға Қызылжар орталық мешітінің жанынан ашылған “Әжелер мектебінің” белсенді мүшелері, қаламыздағы бірнеше қазақ мектептерінің оқушылары мен ұстаздары қатысты.

Тәрбие тақырыбы көтерілген кездесу аясында көпті көрген қариялар ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, салт-дәстүрдің мәні мен маңызына тоқталды.

– Жаңа оқу жылы басталғаннан бері облыс орталығындағы бірнеше білім мекемелерінде болып, оқушылармен кездесу ұйымдастырдық. Біздің көздеген мақсатымыз – балалардың тәрбиесіне үлес қосып, олардың толыққанды азамат болып өсуіне атсалысу. Ал мұндай жақсы қасиеттердің барлығы отбасынан бастау алады. Бүгінгі кездесуде біздің тілге тиек еткеніміз де осы тақырып, – дейді “Әжелер мектебінің” төрайымы Ырысжамал Әленова.

Жиын соңында аталмыш мектеп оқушылары қонақтарға ән мен биден шашу шашты.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp