«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕТКЕҰСТАР БАҒЫТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы еліміздің барлық салаларын, соның ішінде білімді дамытуға ерекше назар аударады. Ол өз Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруының басталғанын жария етті. Жаңғыру үдерісі мақсаттар мен міндеттерді, басымдықтарды, оларға қол жеткізу амалдарын айқын көрсетіп берді. Сол басымдықтардың бірі адами капитал сапасын арттыруды көздеген. Білім ел болашағы табыстылығының маңызды факторы екенін әр қазақстандық түсінуі тиіс. Бағдарламаны жүзеге асыратын мұғалімдер, оның басты бағыттары бәсекелестік, білім мен сана ашықтығы болып табылады.

Елбасының бастамасымен “Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру” жобасы жүзеге асырыла бастады. Бұл жобаны жүзеге асырудағы басты мақсат – жастарды жұмыспен қамту. Гуманитарлық-техникалық колледжде түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін бірнеше мамандық бойынша дуалдық оқыту енгізілген. Оның басты мақсаты оқу үдерісін өндіріске жақындата түсуді және кәсіпорын сұранысы бойынша кадр даярлау деңгейін арттыруды көздейді. Бүгінгі күні бірнеше әлеуметтік әріптестермен ынтымақтаса жұмыс істеуге келісімдер жасалып, жоспар құрылды. “Мұнаймаш” зауыты, “Қазақтелеком” АҚ, “Технопарк” техникалық қызмет көрсету станциясы сияқты әлеуметтік әріптестер негізінде білім беру, қайта оқыту және кәсіптік бағдарлау бойынша оқу орталықтары құрылды. Колледж басшысы А.Мерк Германияның дуалдық жүйемен жұмыс істейтін оқу орындарының тәжірибесін зерттеп, “Kompenz Europe GmbH” білім ордасымен ынтымақтастық жөнінде келісім жасады. Колледжде “Холдинг Кәсіпқор” бағдарламалары бойынша модульдік-құзыреттілік әдісі енгізілуде. Заман талабына сай жаңа құзыреттілігі бар мамандар даярлау үшін білім мазмұны да өзгеруде.

Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асыру, жастарды қазақстандық елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында колледжде атақты жерлестеріміз, еңбек адамдары, Қазақ хандығының 550 жылдығы, ел тәуелсіздігі, халықтар достығы тақырыптарын қамтитын мұражай, әр этнос өкілдерінен құралған “Бірлік” жастар орталығы бар.

Біздің жұмысымыз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарқын болашаққа бастайтын жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған. Біз осы жолда алға қойылған міндеттерді орындап шығуға тырысамыз.

Руслан ӘБІШЕВ,

гуманитарлық-техникалық

колледждің оқытушысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp