1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай кеше Петропавлда мектеп оқушылары арасында жас ақындар айтысы өтті.
«Жалынды жастар жырлайды» деп аталған бұл өнер сайысын талантты жастарға қолдау көрсету мақсатында биыл құрылған облыстық жас ақындар орталығы ұйымдастырған. Қызылжар және Көкшетау өңірлерінен жиналған 12 жасөспірім ақын арасынан айыртаулық айтыскер Дәулет Құрмаш жеңімпаз деп танылды.