«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Осыдан 26 жыл бұрын нақ осы күні біздің Отанымыздың тағдыры айқындалған еді. Тұңғыш рет өткізілген жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде егемен Қазақстанның негізін қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Президент болып сайланды. Бұл күн Ұлы Дала елінің жарқын жолының бастауы ретінде тарихымызда мәңгі қалады.

Елбасы елді басқаруды қиын-қыстау кездері қолына алды және шын мәнінде оны құлдыраған жерінен қарқынды әлеуметтік-экономикалық және саяси дамып келе жатқан мемлекеттің бірегей моделіне айналдырды.

Президент осы арқылы ата-бабаларымыздың бостандық пен гүлдену жөніндегі ғасырлар бойғы ұлттық арманын жүзеге асырды. Бүгіндері Қазақстан Орталық Азияның шын мәніндегі экономикалық көшбасшысы болып табылады.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси даналығы мен көрегендігі Қазақстанда бірлік, бейбітшілік, келісім қоғамның ең жоғары құндылығы болып табылатын ахуалды қалыптастыруға мүмкіндік туғызды. Осылардың барлығының арқасында біз тұрақты елде тұрып жатырмыз, ертеңгі күнімізге сенімдіміз, өскелең ұрпақтың болашағына алаңдамаймыз.

Біздің Президентіміздің бейбітшілік пен жасампаздыққа ұмтылысы елімізден тысқары жерлерге де мәлім. Мемлекет басшысы әлденеше рет бірқатар халықаралық шиеленістерді реттеуде бастамашы бола білді. Бұл Нұрсұлтан Әбішұлының әлемдік деңгейдегі бітімгер ретіндегі беделінің зор екендігін айқын көрсетеді.

Бүгіндері біз жаңа жасампаз белестердің табалдырығында тұрмыз. Біз, қазақстандықтар, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанда Үшінші жаңғыртуды жүзеге асыруға тиіспіз. Сонымен қатар біздің алдымызда Президенттің бастамасымен қабылданған Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясы, “Нұрлы жол” жаңа экономикалық саясаты және “100 нақты қадам” Ұлт жоспары сияқты бағдарламалық құжаттарды орындау міндеті тұр. Бұлардың бәрі біздің Отанымыздың одан әрі табысты дамуының кепілі болып табылатынына сенімдімін.

Қымбатты жерлестер! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге және сіздердің туған-туысқандарыңызға мықты денсаулық, бақыт, отбасылық игілік пен барлық бастамаларыңызда табыс тілеймін!

Құмар АҚСАҚАЛОВ,

Солтүстік Қазақстан

 

облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp