«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨНЕГЕЛІ ӘУЛЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қалалық Мәдениет үйінде “Мерейлі әскери отбасы” байқауы өтіп, Петропавл мен Щучинск гарнизонының әскери бөлімдері жеке құрамдарының отбасылары өзара сынға түсті.

Салт-дәстүр мен отбасы құндылықтарын сақтау арқылы әскери сала қызметкерлері отбасыларының қоғамда әлеуметтік белсенділігін арттыру, өзіндік имиджін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған байқауда рухани тәрбие және адамгершілік қағидаларына баса мән берілді. Өнегелі ұрпақ тәрбиелеп, баласының болашағына жауапкершілікпен қарайтын әскери сала өкілдерінің отбасылары бұл байқауға жақсы дайындалғаны байқалды. Облыстық қорғаныс істері департаменті, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің 2032, Ұлттық ұланның 6637 және 5510 әскери бөлімдерінің өкілдері өз өнерлерін ортаға салды. Әртүрлі этнос өкілдерінің ұлттық киімдерін киіп, әуелете ән шырқап, мың бұрала би биледі. Қатысушылардың айтуынша, бұл шараның маңызы зор. Сондықтан отбасылық тәрбиеге баса мән беріп, өскелең ұрпақтың саналы азамат болып өсуіне барынша ықпал еткен жөн.

Байқау қорытындысы бойынша жеңіс тұғырынан көрінген Исиндер отбасы жеңімпаз атанса, Бахаповтар мен Рахымовтар отбасылары жүлделі орындарды иеленді.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp