«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда “100 нақты қадам” Ұлт жос­парын жүзеге асыру аясында Құқық қорғау қызметтері орталығы өз жұмысын бастады. Оның ашылу салтанатына облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бастамасымен ашылған орталық азаматтардың өтініштерін қарау жұмысын жаңа әрі сапалы деңгейге көтеруге үлес қосады. Мекеменің негізгі мақсаты мәселені жедел түрде шешу, халықтың құқық қорғау және мемлекеттік органдарға деген сенімін арт­тыру, сонымен қатар әкімшілік және бюрократиялық ке­дергілерді жою болып табылады.

– Тұңғыш Президент күні қарсаңында өңірімізде бірқатар нысан пайдалануға берілуде.

Елбасы ашық әрі халыққа есеп беретін мемлекет құрудың маңыздылығын атап өткен болатын. Бүгінгі ашылып отырған орталық жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының халықпен қарым-қатынасын жақсарта түсетініне сенімдімін, – деді Құмар Іргебайұлы.

Бас про­куратура­­ның Құқық қорғау қызметте­рі орта­лы­ғының басшысы Сағатбек Сүлей­меннің айтуынша, жыл сайын­ прокурорлардың жеке қабылдауына 50 мыңға жуық адам келеді екен. Осыны ескерген Бас прокуратура азаматтарды қабылдау рәсімін барынша ыңғайлы етіп, Астана қаласы мен Ақтөбе, Қызылорда облыс­тарында халыққа құқықтық қызмет көрсету орталықтарын ашыпты. Жыл соңына дейін мұндай нысандар еліміздің барлық өңірінде жұмыс істейтін болады.

Орталық облыстық прокуратура ғимаратының маңында орналасқан. Ол заманауи инженерлік-техникалық жабдықтармен, электрондық кезек жүйесімен, өз-өзіне қызмет көрсету секторы – “Connection Point”-пен, сондай-ақ, күту залы және өзге де қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған. Азаматтардың арыз-шағымдарын уақтылы әрі тиімді шешу үшін мекеменің жұмысына тәжірибелі прокурорлар, адвокаттар, медиаторлар, психологтер, пробация және халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері тартылады. Олар азаматтарды қа­был­­дау бары­сында істерді сұрату, процес­суалдық шешімдердің заңдылығын тексеру, сонымен қатар өтінішті “Элек­тронды үкімет” порталы арқылы құзырлы органдарға жолдау мүмкіндігіне ие.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp