Жуырда Ақжар ауданындағы шаруа қожалығынан құны 1,5 миллион теңге тұратын асылтұқымды жылқы ұрланды. Жедел-іздестіру шарасы барысында бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Ақмола облысының үш тұрғыны ұсталды. Бүгінде аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қыс басталғалы бері мал ұрлығы көбейе түскен. Бүгінгі күні облыстық ішкі істер департаменті ұйымдастырып отырған “Соғым” жедел-алдын алу шарасына 450 тәртіп сақшысы мен ветеринария бөлімдерінің 35 маманы жұмылдырылды. Облыс бойынша мал және ет өнімдерін тасымалдау мен сатуға қатысты заң бұзушылықтарды анықтауға бағытталған 76 мобильдік топ құрылды. Соның арқасында 14 қылмыстың беті ашылып, өзгенің малына көз тіккендер заң алдында жауап беруде.
Жалпы жыл басынан бері 72 мал ұрлығы тіркелсе, соның 51-і ашылды.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық ішкі істер департаменті
баспасөз қызметінің жетекші маманы.