Тұңғыш Президент күні Тайынша қаласында 12 отбасы жаңа баспанаға көшіп, қоныс тойын тойлады.
“Алтын Тау-НЧ” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бұл үйдің құрылысын қазіргі заманғы технологиялар бойынша жүргізген. Пәтерлердің шаршы метрі 90 мың теңгеден айналыпты. Мереке күні ашылған жаңа дүкен де тайыншалықтарды қуантып тастады. Тұрғындар мұнда күнделікті тұрмысқа қажет товарлардың алуан түрін сатып алу мүмкіндігіне ие болып отыр.
Желтоқсанның 1-і күні басқа аудандарда да жаңа нысандар пайдалануға берілді.