«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨЗ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен аптаның соңында жалпыхалықтық дауыс беру арқылы “Қазақстанның 100 жаңа есімі” жобасының жеңімпаздары анықталып, олар Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті.

Бұл құрметке ие болғандардың арасында сегіз солтүстікқазақстандық бар. Жалпы үздік жүздіктің қатарына ену үшін әрбір өңір 300 үміткерден ұсынған екен. Олардың арасында ғалымдар, спортшылар, кәсіпкерлер, дәрігерлер, өнерпаздар және басқа да салалардың өкілдері болған.

Дауыс беру нәтижесінде “Титан-Север” ЖШС-нің директоры Гарик Бернецян іскер азамат ретінде бұл тізімге енген. Ол мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Петропавл қаласында үш бірдей балабақша салғанын айта кеткен жөн. Гір көтеруден әлемнің екі дүркін чемпионы, ел біріншілігін 16 рет жеңген, классикалық қоссайыстан Қазақстанның жеті мәрте абсолютті чемпионы, Виталий Диденко да бұл құрметке лайық деп танылды.

“Қазақстандағы 100 жаңа есім” жобасына еврей этно-мәдени орталығының төрағасы Рашбиль Евдаев та енді. Жүздік қатарындағы анестезиолог-реаниматолог дәрігер Андрей Кухаруктың адам өмірін өлімнен арашалап қалудағы еңбегін де атап өткен жөн. Ал М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары Күлбарам Баязитова мен Татьяна Кучер болашақ мамандарға білгенін үйретуден бір жалыққан емес. Айыртау ауданындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жеңіл атлетика бойынша жаттықтырушысы Алмас Бейсенов ауыл жастарын саламатты өмір салтын ұстануға үгіттеуде. Еліміздегі үздік шаруашылықтардың бірі – “Зенченко және К” коммандиттік серіктестігінің директоры Геннадий Зенченко да таңдаулы 100 есімнің қатарына кіріп отыр.

Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp