Петропавлдағы «AVAGRO» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының иегері атанды.
Сыйлықты бүгін жаңа индустрияландыру күні аясында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев табыс етті. Шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында жеңіске жеткен бұл кәсіпорын ауыл шаруашылығына қажетті «AVAGRO» бүріккіштерін шығарумен айналысады. Мұнда жобалаудан бастап дайын өнім шығаруға дейін өндірістің барлық циклдары ұйымдастырылған. Компания ISO 9001 сапа стандарты бойынша сертификаттаудан өтіп, халықаралық нормаларға сәйкес өнім өндіреді.