Петропавлдың Былғары кентiн көктемгі тасқыннан қорғау мақсатында үлкен бөгет тұрғызылды.
Бұл шағынауданның үйлерін жылда көктемде су басып, көп шығын келтіре бергендіктен ескі бөгетті нығайту үшін ел қазынасынан арнайы қаржы бөлінген еді. Құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде атқарылып, ұзындығы 3 шақырым, биіктігі 4 метр бөгет салынды. Оған 2,7 млрд теңге қаржы жұмсалды.