Биыл еліміздің оңтүстік өңірлерінен 186 отбасы Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударды.
Осылайша 86 елді мекенге 880 жаңа тұрғын келді. Жаңа жерге келгендердің әрқайсысына 79 мың теңгеден қаржылай көмек көрсетілген. Сонымен қатар тұрғын үй сатып алуға, немесе жалдап тұруға республикалық бюджеттен 83 млн теңге бөлініп, баспана мәселесі де шешімін тапқан. Енді жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша шаралар қолданылып жатқан көрінеді. Алдағы жылы осылайша 700-ден астам отбасын көшіру жоспарланған.