Солтүстікқазақстандық өрт сөндіруші Нұржан Мәлкенов республикалық сайыстың жүлдегері атанды.
Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай Астана қаласында республикалық слет өткізген болатын. Жиын барысында азаматтық қорғау саласы қызметкерлерінің арасында арнайы жарыс ұйымдастырылып, үздік жас құтқарушылар анықталды. Петропавл қаласындағы № 3 бөлімнің өрт сөндірушісі, кіші сержант Нұржан Мәлкенов кәсiби даярлығының жоғары деңгейде екендігін дәлелдеп, ел өңірлерінен келген ең мықты 16 құтқарушының арасынан үшінші орынды жеңіп алды.