Қызылжар өңірінде Тәуелсіздік күнін тойлауға дайындалып жатыр.
Ұлттық мейрамға арналған салтанатты шаралар желтоқсанның 14-нде басталады. Мереке күні халық түрлі көрмелерді, концерттік бағдарламаларды, спорттық жарыстарды тамашалай алады. Жалпы облыс бойынша 350 шара ұйымдастырылмақшы. 16 желтоқсан күні өңірде кітапхана, клуб, балабақша сияқты әлеуметтік маңызы бар 50-ден астам жаңа нысан пайдалануға берілмекші.