Қызылжар өңірінде омарташылардың алғашқы кооперативі құрылды.
Бал өндіруді одан әрі дамыту мақсатында Мамлют ауданының омарташылары бір ұйымға бірігіп, алдағы көктемде 400 гектар алқапта бал аралары нәр жинайтын арнайы шөптер өсірмекші. Қазіргі күні бал өндіру тиімді кәсіпке айналуда. Мәселен, Қытайда бұл тәттінің бағасы біздегіден бірнеше есе қымбат екен. Мұндай кооперативтерді барлық аудандарда құру көзделіп отыр.