«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕҢІЛ, ТЕЗ ӘРІ НӘТИЖЕЛІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында өткен кезекті баспасөз мәслихатында “Qamqor” мобильдік қосымшасы мен әкімшілік-құқықтық бұзушылықтардың бірыңғай тіркелімі тақырыбында әңгіме өрбіді.

Әкімшілік құжаттардың электрондық нұсқаға көшірілуіне байланысты туындаған “Әкімшілік-құқықтық бұзушылықтардың бірыңғай тіркелімі” жобасы өзінің нәтижесін беруде. Оның аясында енгізілген арнайы мобильдік қосымша да тұрғындар арасында танымалдыққа ие болып келеді.

Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитеті облыстық басқармасының басшысы Марат Ахметов жергілікті полиция қызметкерлері енді әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі хаттамаларды планшеттерде толтыратынын айтты. Мұндағы басты артықшылық, хаттама толтыруға кететін уақыттың үнемделетіндігінде, құқық бұзушы туралы барлық мәлімет оның қол астында болуында. Сол сияқты, автокөліктердің міндетті техникалық байқаудан өтуі және айыппұлдар жөніндегі барлық ақпараттар да қамтылған.

“Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тіркелімі” базасы бойынша құрылған “Электрондық қылмыстық іс” модулі де прокурорлық қадағалау мен тергеу процестерінің жеделдетуіне септігін тигізетіндігі де сөз болды.

“Qamqor” мобильдік қосымшасы кәсіпкерлерге көмекші құрал ретінде кең қолданысқа ие болуда. Ол алдымен қадағалаушы органдар тарапынан болатын заңсыз тексерістерден қорғайды. Сондай-ақ, онлайн-режімінде кәсіпкерлердің шағымдарының қабылданып, жауап қайтарылуына мүмкіндік береді.

Зәуреш АСЫЛБЕКОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp