Жыл басынан бері облыста жол-көлік оқиғасы салдарынан 33 бала зардап шекті. Полиция қызметкерлері өрендерге жолда жүру ережелерін түсіндіруді жалғастыруда.
Бұрнағы күні тәртіп сақшылары тірек-қимыл аппараты зақымданған балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиеленушілеріне “Жол белгілері” бейнеленген торт апарып, оларды жолда жүру ережелерімен таныстырды.
“Тең мүмкіндіктер жолы” республикалық акциясы шеңберінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді орта қалыптастырып, оларға жолда жүруді жеңілдетуді көздеп отырмыз”, – дейді облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Айтбаев. Тәртіп сақшылары балаларға жолда жүру ережелеріне қатысты дайындаған викториналық сұрақтарын да қойды.
Динара САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.