Кеше Петропавлда солтүстікқазақстандық жастардың форумы өтіп, биылғы жылы өңірімізде өскелең ұрпақ арасында жүргізілген жұмыс қорытындыланды.
400-ден астам қызылжарлық белсенді өрендер «Ойдың күші», «Рухтың күші», «Жастық күші» деп аталған секцияларға бөлініп, еркін форматта түрлі тақырыптарда пікір алмасты, жеткен жетістіктерін ортаға салды. Форумға қонақ ретінде шақырылған белгілі адамдар мақсатқа жету, табысты болу туралы өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.Түрлі салаларда жетістіктерге жеткен жастар марапатталды.