«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 18.09.2018

ЖЕҢІСКЕ БЕРГІСІЗ ЖЕҢІЛІС

Орта салмақта “WBC”, “WBA” (Super) және “IBO” тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) шаршы алаңда екінші мәрте жолықты.

ЖҮГЕНСІЗ ЖҮРГІЗУШІ

Петропавл қаласының “Ударник” түнгі клубының маңында екі қызды қағып кеткен “Лексус” көлігінің жүргізушісі іздестіріліп жатыр.

САХНАДА — “ШОЛПАННЫҢ КҮНӘСІ”

Өткен жұма күні Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының жиырмасыншы маусымының ашылуы болып өтті. Өнерсүйер қауымның алдында сөз сөйлеген театр директоры Біржан Жалғасбаев құрылғанына жиырма жылға жуық уақыт болған, өзіндік тарихы бар ұжымның содан бері түрлі жанрда 80-ге жуық спектакльді сахналағаны жайлы айтты. Өткен жылы бірқатар классикалық туындылар көрермен назарына ұсынылған. Ал жаңа маусымда …

САХНАДА — “ШОЛПАННЫҢ КҮНӘСІ” Read More »

ҚЫЗҒАЛДАҚ ҒҰМЫР, ЖАУҚАЗЫН ЖЫРЛАР

Бұрнағы күні Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өңіріміздегі қазақ баспасөзінің қарашаңырағы саналатын “Солтүстік Қазақстан” газеті ұйымдастырған Жамбыл ауданындағы Үлгі ауылының тумасы, талантты ақын Назгүл Өтенова атындағы облыстық “Қызғалдақ ғұмыр, жауқазын жырлар” атты жас ақындар мүшәйрасының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтті.

ШАҢЫРАҚ ОТЫ ӨШПЕСІН

Көпшілік сүйіп оқитын облыстық “Soltústik Qazaqstan” газетінің отбасы мәселелеріне арналған “Шаңырақ” қосымшасында жарияланған “Кенже бала, үлкен үй” мақаласын оқып шығып, жанарыма жас алдым. Автор қазіргі қоғамымыздағы отбасы төңірегіндегі біраз мәселелерді көтеріп, шаңырақтың иесі болып қалатын кенже ұлдарға артылатын міндеттерді мысалдар арқылы жеткізіпті.

“ҚАҺАРМАНДАР” ҚОРЫ ИГІ ІСТЕРГЕ БАСТАМАШЫ БОЛМАҚ

Үстіміздегі жылы Қазақстанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күресте зардап шеккен тұлғаларды ақтауға үлес қосу мен олардың есімдерін мәңгі есте сақтау мақсатын көздейтін «Қаһармандар» республикалық қоғамдық қоры құрылып, оның тұсаукесері мамыр айында Астана қаласында өткен болатын. Бұл қоғамдық қордың президенті – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бұрынғы депутаты, белгілі заңгер, қоғам қайраткері, жерлесіміз Сабыр Қасымов. Оның мүшелері …

“ҚАҺАРМАНДАР” ҚОРЫ ИГІ ІСТЕРГЕ БАСТАМАШЫ БОЛМАҚ Read More »

“ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТКЕ” ЖҮГІНУШІЛЕР КӨП

Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы “Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндiк сертификат беру” және “Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру” мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді. Бұл қызмет түрлері тікелей қызмет көрсетуші немесе “Электронды үкімет” www.egov.kz веб-порталы және “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік …

“ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТКЕ” ЖҮГІНУШІЛЕР КӨП Read More »

ТҰРҒЫН ҮЙДІ НЕСИЕЛЕУ ҚАРҚЫН АЛМАЙ ОТЫР

“Нұр Отан” партиясының облыстық филиалында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

ДИҚАННЫҢ КӨҢІЛІ ДАЛАДА

Қазіргі уақытта өңір диқандары күзгі орақ науқанына білек сыбана кірісуде. Солардың қатарында ауданымыздың Архангелка ауылдық округіне қарасты Баян ауылындағы “Ақ Жер – 2010” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де бар.

ДАМУҒА СЕРПІН ҚАЖЕТ

Кеше өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен әкімдіктің кезекті отырысында үстіміздегі жылдың алғашқы сегіз айындағы облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен 2018-2019 жылдардағы жылыту науқанына дайындық барысы талқыланды. Алқалы жиынға тікелей байланыс режімінде аудан әкімдері, облыстық және аумақтық басқармалар мен департаменттердің, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.