ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ
Қытайдың Гонконг қаласында әуесқойлар арасында спорттық биден өткен Азия біріншілігінде жерлестеріміз – Ярослава Кузнецова мен Кирилл Новиков жеңімпаз атанды.
Қытайдың Гонконг қаласында әуесқойлар арасында спорттық биден өткен Азия біріншілігінде жерлестеріміз – Ярослава Кузнецова мен Кирилл Новиков жеңімпаз атанды.
Достық үйінде аналар кеңесінің ұйымдастыруымен “Рухани жаңғыру берекелі шаңырақтан басталады” атты көрме өтті.
Оқиға осыдан жарты ғасыр бұрын болған еді. Баршаға белгілі, 1954 жылдың көктемінен елімізде тың игеру науқаны басталған. Өңірімізде ондаған кеңшарлар пайда болды, тек біздің бұрынғы Октябрь ауданының өзінде алты кеңшар ашылды. Осы кезде жергілікті биліктің орыс және қазақтілді мектептерге деген көзқарасы бірдей бола қойған жоқ. Бюджеттің қаржысы орыстілді мектептерге молынан беріліп, қалғаны қазақтілділерге бөлінетін. Кадрларға …
Елімізде жаппай цифрландыру қолға алынды. “Цифрлық Қазақстан” бағдарламасы аясында ІТ-мамандарды даярлау бағытына ерекше көңіл бөлініп отыр. Ақпараттық технологиялар кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігімізді арттыруға үлесін қосатын мамандық иелерін даярлау ісіне өңіріміздің жоғары және кәсіптік-техникалық білім беру мекемелері белсенді түрде атсалысуға кірісті.
Қызылжарда “Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының үздік педагогі – 2018” республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті.
Нағыз ұстаз атану – үлкен бақыт пен абырой иесі болу деген сөз. Қазақтың тұңғыш педагогі Ыбырай Алтынсарин ұстазды алтын діңгекке теңеген екен. Расында, ұстазсыз бұл дүниенің қызығын тани алмай, өміріміз қараңғылықта өтер ме еді? Білім беру кеңістігінде өз мамандығының хас шебері атанғандар аз емес. Солардың бірі – көп жылдар бойы білім саласында еңбек етіп, шәкірт …
Қазіргі заман оқушысы функционалды сауатты болуы тиіс дегенді жиі айтамыз. Ал бұл қандай талаптар мен көзқарастар бойынша бағаланады?
Петропавл қаласындағы 20-шы шағынауданда орналасқан №9 орта мектептің үш қазақ сыныбы мен олардың ата-аналары жаңа оқу жылы басталар-басталмаста күтпеген жағдайға тап болды. Оларға үйреншікті мектебінен өзге білім беру мекемелеріне ауысуға тура келді. Кейін белгілі болғандай, аралас мектептегі қазақ сыныптарын таратуды қалалық білім бөлімі ұсынған екен.
Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, құқық қорғау, кәсіпкерлік, тағы басқа да салалар бойынша шешімі табылмай жүрген мәселелеріңіз, көкейкесті сауалдарыңыз болса, 8 705 463 1329 нөміріне WHATSAPP желісі арқылы хабарлама жолдай аласыздар.
Домбыра – қазақ халқының жаны, сан ғасырлық серігі, жаңылмайтын сөзі, қара түнекті жарып шыққан сәулелі ойы. Қазақ пен домбыра – егіз ұғым. Оны ақын Қадыр Мырза Әли “Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра. Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра” деп бір ауыз өлеңіне сыйдырып, жырлап кеткен. Осыдан-ақ, қазақты домбырасыз елестетудің мүмкін …
Соңғы уақытта еліміздің түкпір-түкпірінде әртүрлі жан түршігерлік жағдайлар орын алғаны жайлы теледидардан көріп, газет беттерінен немесе ғаламтордан оқып жатамыз. Соның ішінде адамдардың қайғылы жағдайға ұшырап немесе үйінен шыққан қалпы үшті-күйлі жоғалып кетуі де жиі кездеседі. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елімізде жыл сайын бір жарым мыңға жуық адам із-түзсіз жоғалады екен. Оның 20 пайызы – балалар. Біреулер …
“Туған елім – тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім, мен де бірге өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!” – деп ақын Әбділда Тәжібаев жырлағандай, тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың жаны, ары. Ана тіліміз қазақ халқымен бірге талай сын-қатерлерді бастан өткерді. …
“Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең” демекші, ақсақалды ата мен ақжаулықты әже – асыл қазына. Біз – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен халықпыз. Даналықтың алтын діңгегі болып табылатын қарияларға құрмет пен қамқорлық көрсету – атадан балаға жалғасып келе жатқан дәстүр.
Әжейдің маңдайындағы тарам-тарам әжімі өмірдегі тауқыметінің дәлеліндей көзге анық көрінеді. Қоңырқай жүзінен мейірім нұры төгілсе де, жанарынан күдік пен үрейдің ұшқыны байқалды. Алыстағы әлдебір ноқатқа қадалған оның ойлы жанары жүректегі шерді аңғартты. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген ұлының бір-ақ күнде жігері құм болып, қабырғасы сөгілгенін көру анаға оңайға соққан жоқ. Оның бар арманы перзентінің сауығып …
Талғамы биік көрермен отандық телеарналардан тұщымды дүние көргісі келеді. Әсіресе, жаңа маусымның жаңалығын тосып, елеңдеп отыратынымыз рас. Жергілікті “QYZYLJAR” телеарнасының биыл көпшілікке ұсынар тың жобалары аз емес екен. Жаңа маусымның таныстырылымына облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет пен “Қазақстан” телерадио корпорациясы” АҚ-ның жанынан ашылғалы отырған “Tamasha tv” телеарнасының жетекшісі Есен Елеукен қатысты.
Жұмысының ақысын ала алмаған жеке кәсіпкер Сергей Кудинов облыстық кәсіпкерлер палатасына шағымданып, бұл іс кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңесте қаралды.
Ақыл-ой жер бетіндегі тіршілік иелерінің ең ардақтысы – адамға ғана берілген. Сол көркем мінез-құлықтың, кемел ой-сананың нұры мен шуағы кітап атты ғажайып дүниеде жасырынып жатыр емес пе? Адамзат баласына арналған ең керемет өсиеттердің барлығы көктен кітап болып түскеніне қарағанда қасиетті қағазда бір өнеге бар екені даусыз. Ұлт зиялыларының “Кітап маған тақтан да қымбат”, “Наданмен қас …
Үстіміздегі жылы облыс экономикасына 87,5 млрд. теңге инвестиция тартылған. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 9,9 пайыз болды. Өңір инвестициялық өсім қарқыны жөнінен республикада бірінші орында келеді. Өңірдің инвестициялық әлеуеті мен алдағы жоспарлары туралы облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Арман Оразғұловпен сұхбаттасқан едік.
Елбасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан “Рухани жаңғыру” бағдарламасының қазақ халқының көне тарихын қайта жаңғыртуға, ұлы мұраларымызды насихаттауға ықпалы зор. Өткен тарихқа тағзым жасау арқылы біз келешекке жоспар құрамыз, ертеңгі күнді бағамдаймыз. Бүгінгі күні еліміздің барлық аймақтарында осы бағытта тындырымды істер атқарылып жатыр. Бірақ әлі де шешімін күткен мәселелердің бар екенін де жасыруға болмайды.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Президенттің бес әлеуметтік бастамасы” Үндеуін жүзеге асыруды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшесі, “Нұр Отан” партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев бастаған топ өңірімізге жұмыс сапарымен келді.