«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 22.09.2018

ЖҮРЕКТІ ТЕРБЕГЕН ЖЫРЛАР

Жас ақын Михаил Гвоздевтің есімі өңір жұртшылығына, әсіресе, орыстілді әдебиетсүйер қауымға танылып келеді. Оның Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өткен “Измерение N” атты екінші кітабының тұсаукесеріне жиналғандар қатарының қалың болуы соның айғағы.

ЕРДІҢ АНАСЫ— ЕЛДІҢ АНАСЫ

Жақында редакциямызға еңбек ардагері Оразғали Шәймерденов келді. Азаматты бір мәселе толғандыратыны жүзінен-ақ байқалып тұр. Бір кездегі атауы Көкшешапқан, кейін Комсомол атанған ауыл тұрғындарының өтінішін қалың қауымның құлағына жеткізбек екен. Келмеске кеткен кеңес өкіметінің соқыр саясаты кесірінен қағажу көрген, қазақ тілін дамыту үшін бір адамдай атсалысқан азамат ауыл шаруашылығы саласы мен мемлекеттік қызметте абыройлы еңбек еткені …

ЕРДІҢ АНАСЫ— ЕЛДІҢ АНАСЫ Read More »

ҚОЖАБЕРГЕН ТУҒАН ҚАСИЕТТІ МЕКЕН

Қолыма қалам ұстауға Қазақстанның көрікті де қасиетті жерлерінің бірі Баянауыл сапары – ақыл-ойдың кемеңгері Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесіне барып, рухына тәу етуден туған ой себеп болды. Осы орайда қазақтың белгілі қоғам қайраткері, этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің “Адамгершілік, имандылық қасиеттер қасиетті мекендерге саяхаттан басталады” деген сөзі ойға оралады.