«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 27.09.2018

ШАҢЫРАҚТЫҢ ШЫРАЙЫ — САНАЛЫ ҰРПАҚ

Мен киелі Қызылжар топырағында дүниеге келіп, осы жерде білім алған перзенттің бірімін. Жүрегімнің түкпірінде атамекенге деген сағыныш сезімі берік орныққан. Сондықтан да туған жермен байланысымды үзбей, әр кез хат-хабар алысып, жолым түсіп жатса, ат басын бұрып тұрамын. Ғасырға жуық тарихы бар, Мағжан, Смағұл, Сәбит, Сафуан секілді қазақтың маңдайалды ұлдарының қолтаңбасы қалған “Soltústіk Qazaqstan” газетінен де …

ШАҢЫРАҚТЫҢ ШЫРАЙЫ — САНАЛЫ ҰРПАҚ Read More »

“ЖЫР ЖАЗАМЫН ЖҮРЕГІММЕН…”

Мен – ішкі сырымды, бала қиялымды ақ қағазға ақтарып жүрген өреннің бірімін. Бұл жолда қазақ өлеңін кемеліне жеткізген ұлы ақындарымыздың шығармашылығын үлгі етемін: данышпан Абай атамыз бен марғасқа Мағжанды оқып толғанамын, Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің кестелі ойларының астарына үңілемін.

ТЕГІН КӨМЕК ТОҚТАМАЙДЫ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауында адамдардың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетіні туралы айтылды. Жолдау жүктеген міндеттерге сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (ТМККК) жаңа моделін ұсынды. Тегін медициналық көмектің …

ТЕГІН КӨМЕК ТОҚТАМАЙДЫ Read More »

ЕҢБЕКПЕН КЕЛГЕН АБЫРОЙ

Нұрлан Жұмабаев бұғанасы қатпай тұрып-ақ үй шаруасына және ұжымшардағы жұмысқа араласты. Тоғыз жасқа қараған шақта әкесі, Ұлы Отан соғысының ардагері Жұмабай Құсайынұлы қан майданда алған жарақаттарының салдарынан қайтыс болды. Сөйтіп, бір отбасында шешесі Үміт Тасқарақызы мен інісі Оралтай үшеуі қалады.

“ЕЛІМ-АЙ” ДЕП ӨТКЕН ЕР БАБА

Биыл дауылпаз жырау, қаһарман қолбасшы, көрнекті қайраткер, ділмар шешен Қожаберген Толыбайұлының туғанына 355 жыл толып отыр. Атақты “Елім-ай” дастанының авторы, “Жеті жарғы” заңдар жинағын жазуға қатысқан тарихи тұлға жайлы бұған дейін көп зерттеліп, ондаған еңбек жазылды. Жыраудың өмірі мен ерліктері жайлы қалам тербегендердің алғашқы легінде көрнекті ғалым Тұрсынбек Кәкішев жүрген еді. Марқұмның халықтық гимнге айналған …

“ЕЛІМ-АЙ” ДЕП ӨТКЕН ЕР БАБА Read More »

“МОЛАМА КӨЗ ҚЫРЫН ДА САЛМАС ПА ЕКЕН?”

Мен алаштың айбарлы ұлдары – Смағұл Сәдуақасов, Мағжан Жұмабаев, Сәбит Мұқанов сияқты біртуар тұлғалардың қолтаңбалары қалған қарашаңырақ – облыстық “Soltústіk Qazaqstan” газетінің тұрақты оқырмандарының бірімін. Басылым беттерінде жарияланған әр мақаланы қалт жібермей қадағалап, үнемі оқып отырамын. Әсіресе, газет ұжымының ұлт руханиятын дәріптеу, өңірімізден шыққан қаламгерлердің шығармаларын, өнегелі өмірлерін насихаттау бағытындағы мақалалары көңіліме қуаныш ұялатады. Өйткені, …

“МОЛАМА КӨЗ ҚЫРЫН ДА САЛМАС ПА ЕКЕН?” Read More »

“БАЛА — БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ, АЛ ЕҢ АСЫЛЫ — ОНЫҢ ТӘРБИЕСІ”

Алаштың біртуар перзенті Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің “Бала – басты байлығымыз, ал ең асылы – оның тәрбиесі” деген сөздерінің астарынан арнамыс пен адалдық, ізгілік пен қайырымдылық, әдептілік секілді қасиеттерді ұрпақ бойына сіңіру қай кезде де халқымыздың басты мұраты болғаны аңғарылады. Облыстық “Солтүстік Қазақстан” газеті ұйымдастырған “дөңгелек үстелге” қатысушылар елдің ертеңгі тұтқасы – жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесі жайлы …

“БАЛА — БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ, АЛ ЕҢ АСЫЛЫ — ОНЫҢ ТӘРБИЕСІ” Read More »

БІРЛІГІ БЕКЕМ БІРЛЕСТІК

Адам баласының аяулы да ардақты алтын бесігі – туған жері. Кіндік кескен киелі топырақ – арман мен мақсаттардың алғашқы табалдырығы, болашақтың бірінші баспалдағы. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласында ерекше басымдық берілген “Туған жер” бағдарламасы киелі топырақ алдындағы баршамыздың борышымызды қайта жаңғыртқандай.

ҚОНАҚЖАЙ ӨҢІР — ҚЫЗЫЛЖАР

Елбасы дәстүрлі Жолдаулары мен ел дамуын айшықтайтын мемлекеттік бағдарламаларда туризм кластерінің дамуына ерекше мән беріп, Қазақстанды саяхатшылар үшін тартымды елге айналдырудың бағыт-бағдарларын көрсетіп келеді.

ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары үшін кезекті баспасөз турын ұйымдастырды. Журналистер бұл жолы Петропавл қаласындағы мәдениет нысандарында жүріп жатқан жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.

МӘДЕНИЕТ – ХАЛЫҚТЫҢ ДІҢГЕГІ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласында жаһандану дәуіріндегі қазақстандық мәдениеттің бүгіні мен болашағына үлкен мән беріп, ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт болу үшін “Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет” жобасын іске асыруымыз қажеттігін айта келіп: “Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек. Бұл жоба …

МӘДЕНИЕТ – ХАЛЫҚТЫҢ ДІҢГЕГІ Read More »

ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕН ОБЛЫС

Үстіміздегі жылдың сегіз айында Қазақстанда 813 адам жемқорлық фактісімен жауапқа тартылды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова хабарлады.

ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ — ОРТАҚ ИГІЛІК

Өңірімізге Түмен облысының дәрігерлері жұмыс сапарымен келіп, жергілікті емдеу мекемелерінде болды. “Дөңгелек үстел” отырысына қатысқан екі елдің дәрігерлері медициналық туризмді дамыту жайлы келелі әңгіме өрбітті.

БОРЫШКЕРЛЕРМЕН КҮРЕСТЕ БОСАҢДЫҚ ТАНЫТҚАН

Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында жеке сот орындаушыларының қызметіне қатысты мәселелер талқыланды. Елімізде жеке сот орындаушылары институты соңғы үш жылда ерекше қарқынмен дамып келеді. Оған атқарушылық іс жүргізу жүйесінде орын алған реформа себеп болды.

ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА — ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛАУЫ

Үстіміздегі жылдың наурыз айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына бес әлеуметтік бастамасын ұсынған болатын. Президенттің “Әрбір отбасына жаңа баспана алудың мүмкіндіктерін беру” атты бірінші бастамасы аясында Ұлттық банк пен орталық мемлекеттік органдар бірлесіп, тұрғын үйді ипотекалық несиелендірудің “7-20-25” жаңа бағдарламасын қабылдады. Онда “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” акционерлік қоғамы сияқты екінші деңгейлі банктер де …

ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА — ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛАУЫ Read More »

АУЫЛДАН БАСТАЛҒАН АЙШЫҚТЫ ЖОЛ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі Еңбек күні болып жарияланғаны белгілі. Осыған орай “Солтүстік Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ерік Нұрақаев соғыс және еңбек ардагері Қожатай Некібаевтың шаңырағында болып, қарияға тарту-таралғы жасады.