«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 29.09.2018

ЗАҢҒА БАҒЫНҒАН ҚОҒАМ ОЗАДЫ

Қазақстандағы әділет органдарының қалыптасу кезеңі кеңес дәуірінен бастау алады. 1919 жылдың 30 қыркүйегінде қазақ өлкесін басқарушы әскери-революциялық комитет әділет бөлімін құру туралы қаулы қабылдады. Содан бергі бір ғасырға жуық уақыт ішінде әділет органдары талай кезеңді өткеріп, бірнеше рет атауын да өзгертті.

ИННОВАЦИЯ — КӘСІПОРЫН ТІРЕГІ

Әлемдік тәжірибеде машина жасау саласы алдыңғы қатарлы инновациялық технологияларды енгізу үшін негізгі база болып саналады. Отандық машина жасау кәсіпорындары инновация, білім, алдыңғы қатарлы ғылыми ой интеграторы рөлін атқарып, ел экономикасының дамуына серпін беруде. Білікті бағдарламашылардың корпусынсыз және инженерлік, ақпараттық қызметтердің жоғары үлесінсіз машина жасау саласын дамытуға болмайды. Осы орайда цифрлы спутниктік және эфирлік телерадиохабарларын қабылдауға …

ИННОВАЦИЯ — КӘСІПОРЫН ТІРЕГІ Read More »

ЖАС ПАТРИОТТАР СЛЕТІ

Петропавл қаласында “Адал ұрпақ” ерікті мектеп клубтарының екінші облыстық слеті өтті. Сыбайлас жемқорлықсыз болашаққа ұмтылған мектеп шәкірттері өткен оқу жылында атқарылған жұмысты қорытындылап, қатарларына жаңадан қосылған еріктілерді қабылдады. Ауқымды шараға өңіріміздің әр ауданынан келген 600-ге жуық оқушы қатысты.

МЕМЛЕКЕТ ЖЕРІН МЕНШІГІНДЕЙ КӨРГЕН

Ақша десе алақаны қышып тұратын кейбіреулер заңды белшеден басып, оңай жолмен олжа табу түбі бір опық жегізетінін, жегені желім болып жабысатынын ойламайды-ау! Орда бұзар отыздан жаңа асқан шағында Қызылжар ауданындағы Прибрежное ауылдық округінің әкімі Уәлихан Байтөсовтің ел сенімін ақта деп тапсырған осынау жауапты қызметті бес жыл емес, айтар ауызға ұят, бес ай атқармай жатып қылмыстық …

МЕМЛЕКЕТ ЖЕРІН МЕНШІГІНДЕЙ КӨРГЕН Read More »