«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 04.10.2018

АУЫРМАУДЫҢ АМАЛЫ

Қызылжар өңірінде жедел респираторлық вирустық аурулар мен тұмауға қатысты эпидемиологиялық маусым  биыл қазан айынан мамырға дейін созылады, деп отыр санитарлық дәрігерлер.

ҚОС МЫҚТЫНЫҢ АЙҚАСЫ

Соңғы күндері барша спорт жан­күйерлерінің назары тағы да АҚШ-тың Лас-Вегас қаласына ауып отыр. Себебі, үстіміздегі жылғы 6 қазан күні “T-Mobile Arena”-да жеңіл салмақтағы “UFC” (ережесіз жекпе-жек) чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов ұйымның экс-чемпионы ирландиялық Конор МакГрегормен кездеседі.

ЖАСӨСПІРІМДЕР ТАБЫЛДЫ

Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары жоғалып кеткен үш жасөспірімді бір тәулік ішінде іздеп тауып, үйлеріне қайтарды.

АЛДЫН АЛДЫ

Қазан айының 2-сі күні облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің “101” нөміріне облыс орталығындағы “Семейный” гипермаркетінде өрт шыққаны туралы хабар түсті.

ҚАСИЕТТІ БОРЫШ

Петропавлдағы Ұлттық ұлан Әскери институтында “Отан қорғаушы – 2018” облыстық слеті өтті. Биыл спорттық шараға патриоттық клубтар тәрбиеленушілерінен жасақталған 21 команда қатысты.

ДАУЫЛПАЗ ЖЫРАУ – ҚОЖАБЕРГЕН

Қожаберген жыраудың 355 жылдық мерейтойына орай облыстық мемлекеттік архивте “дөңгелек үстел” отырысы өтті. Дауылпаз бабамыздың өрлігі мен ерлігі әңгіме өзегіне айналған шараға оның ұрпақтары, облысымыздың зиялы қауым өкілдері, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің және М.Жұмабаев атындағы педагогикалық колледждің студенттері қатысты.

АСЫҚПАЙТЫН УАҚЫТТА АСЫҒАМЫЗ

Тынымсыз тірлікте тағат таппай, ала таңды атыра салысымен ала шапқынға түсеміз. Уақытымызды үнемдейміз деп асыққан сайын тықылдаған сағат тілдері де күйгелек болып кеткендей.

АНА МЕЙІРІМІН АҢСАЙМЫН

Ақмарал КӨКБАЙҚЫЗЫ, 36 жаста.  “Бозторғай, бозторғай Көңіл-күйі кетілген Сен де мендей жетім бе ең? Еркелетіп еш пенде Сүйген емес бетімнен”. Әнші Мейрамбек Беспаев орындайтын “Бозторғай” әнін тағы да үнсіз тыңдап отырмын. Тыңдаған сайын жан жарамды әннің аянышты әуенімен емдеп аламын. Сосын біраз уақытқа дейін жаныма жай таптырмаған ішкі мұңым мен шерімді ұмытқандай күй кешемін. Көңіл-күйімнің …

АНА МЕЙІРІМІН АҢСАЙМЫН Read More »

АҚИҚАТҚА АЙНАЛҒАН ТРОЯ

Адамзат ғұмырнамасындағы ең елеулі оқиғаларымен, адам баласының ғылыми, мәдени жетістіктерімен, һәм, өкінішке қарай, аса қанқұйлы екі бірдей дүниежүзілік соғысымен әйгіленген жиырмасыншы ғасыр ғалам төріне аяқ басқалы тұрған шақта, осы жүзжылдыққа жедеғабыл одан бұрынғы төрт ширек уақытты түйіндейтін кез де келіп жеткен еді …

БАҚЫТЫМЫЗДЫ БАҒАЛАЙЫҚ

“Шынымды айтсам, мен қазақ тобында оқитындарға сабақты орысша түсіндіремін…” Екі оқытушы арасындағы осындай әңгімені құлағым шалып қалды. “Иә, қазақ мектебін тамамдаған студенттердің арасында өз тілін түсінбейтіндер аз емес”, – деді оған әріптесі.

ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ ЕКІНШІ АТЫ – МЕЙІРІМ

Облыс пен қала басшыларының атынан жыл сайын ұйымдастырылатын концерттер мен “дөңгелек үстел” отырыстарында, дастарқан басындағы жылы шырайлы жүздесулерде төбе көрсетіп жүрмін. Осындай тәрбиелік мәні зор жиындар аға ұрпақ пен жас буын арасындағы сабақтастықтың үзілмей, жалғасып келе жатқанын айғақтайды емес пе?

БІЛТЕ ШАМНЫҢ ЖАРЫҒЫ

Театр – саф алтындай таза өнер. Күлдіре отырып жылататын, жылата отырып жұбататын театр өнері қуаныш пен қайғыны көрермен жүрегіне қатар жеткізетін шетсіз, шексіз әлем.

ТҰТЫНУШЫ ТАЛАБЫ ОРЫНДЫ

Балаларға арналған ойыншықтарды, киім-кешектерді немесе басқа да азық-түліктік емес тауарларды сатып алған кезде көпшілік ең алдымен өнімнің сапасына емес, оның бағасына мән беретіні белгілі. Алайда, сатып алмас бұрын сатушыдан тауардың сапасы туралы сұрап, оның қауіпсіздігін растайтын құжаттардың бар-жоғына көз жеткізген жөн.

ЖАНДОСТЫҢ ЖЕҢІСТІ ЖОЛЫ

Солтүстікқазақстандық велошабандоз Жандос Бижігітовтің 2019 жылы да “Astana” кәсіпқой велокомандасының құрамында өнер көрсететіні туралы сүйінші хабарды естідік. Жерлес спортшы жуырда велоклуб басшылығымен жаңа келісімшарт жасасқан.

ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУ МІНЕЗДЕН

Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың “Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден” деген сөзі дәлелдеуді қажет етпейді. Арамызда білімділер де, сол білімі арқылы биліктің ұшар басына көтерілгендер де баршылық, бірақ бәрі бірдей ұлты үшін еңбек етіп жүр деп айта алмаймыз. Қос тізгінді қатар ұстаған санаулылардың қатарына руханият жанашыры Қуат Есімхановты қосуға болады.

САРАПШЫЛАРДЫҢ ОҢ БАҒАСЫ

Облысымызға жұмыс сапарымен келген “Doing business” жобасының өкілдері “Protecting business and Investments” жобалық кеңсенің жұмысымен танысты.

ҚАРТТАРЫМ, АМАН-САУ ЖҮРШІ!

Күнара пошташының жолын тосып, “Soltústіk Qazaqstan” газеті қолымызға тигенше тағат таппай жүретін кешегі күндер сағынышқа айналса да, еске түскенде жанымызға жылылық сыйлайтыны рас. Газет беттерін парақтап отырып, Бақыт Мұстафин,  Серік Қасенов, Болат Қожахметов, Жоламан Шаханов, Құрман Рамазанов, Әмір Қожахметов, Мәлік Мұқанов, Мереке Тұралин, Тұрысбек Кәдіров, тағы басқа тілшілердің мақалаларын оқып шыққанша асығушы едік. 

ТЕКТІЛІК ҮЗІЛМЕГЕН ТАМЫРЫНАН

Ұлыларды туғызған ұлы қайнар, Ешқашан абыройды кір етпедің. Қазаққа тұтқа болған жайсаңдардың, Білеміз осы өлкеде шыр еткенің, – деп ақындар жырға қосқан Уәлиханов ауданы – ешқашан тамырынан тектілік үзілмеген қасиетті мекен. Шынымен де, өзгелерден бәсі биік, абыройының асқақ болуының өзіндік сыры бар.