«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 08.10.2018

САХНА СӘНІ – БИШІЛЕР

Облыстық филармонияның жаңа маусымы ашылды. Сахна шымылдығын түру ұжым құрамындағы бишілерге бұйырды. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет қатысып, шығармашылық ұжымдарды құттықтады.

ҰСТАЗ ТӨРДЕГІ ОРНЫНАН ТӨМЕНДЕМЕЙДІ

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беруде, жақсы қасиеттерді олардың бойларына дарытуда ұстаздың еңбегі зор. Алдаспан ақын Мағжан Жұмабаевтың: “Алты Алаштың басы қосылса, төрдегі орын мұғалімдікі” деген қанатты сөзі негізсіз айтылмаған. Тектілер төрге шығаратын ұстаздар бүгінде қаншалықты қолдауға ие? Мұғалімдердің ел арасындағы беделін арттыру үшін қандай шаралар жасалынуы қажет? Облыстық білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімовадан осы …

ҰСТАЗ ТӨРДЕГІ ОРНЫНАН ТӨМЕНДЕМЕЙДІ Read More »

КӨШ БАСЫНДА

Өтіп жатқан шайбалы хоккейден ашық ел біріншілігі аясында петропавлдық “Құлагер” өз айдынында Қарағанды қаласының “Теміртауын” қабылдады. Тартысты өткен кездесу барысында жерлестеріміз теміртаулықтарды 6:2 есебімен ойсырата жеңді.

АҚТЫҚ КЕЗЕҢГЕ ШЫҚТЫ

Петропавл қаласындағы “Жеңіс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде волейболдан ерлер арасындағы ел кубогына іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті. Сегіз клубтың арасынан үздік деп танылған екі команда Атырау қаласында өтетін финалдық турнирге жолдама алды.

ТАРИХТА ҚАЛАТЫН ЖЕҢІС

Футболдан Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі екінші ойында “Астана” командасы өз алаңында Францияның “Ренн” командасын 2:0 есебімен ұтып, “К” тобында 4 ұпаймен көш басына шықты.