САМАЛ ТАҒЫ ДА ТОП ЖАРДЫ
Түркияның Анталия қаласында өткен 55-ші халықаралық кинофестивалінде жерлесіміз Самал Есләмова үздік актриса атанды.
Түркияның Анталия қаласында өткен 55-ші халықаралық кинофестивалінде жерлесіміз Самал Есләмова үздік актриса атанды.
Петропавлдағы Спорт сарайында спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы кубогының іріктеу кезеңі өтті. “Д” тобындағы сайысқа Ақмола, Қызылорда, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарының командалары қатысып, дзюдо, таэквондо, еркін және грек-рим күрестерінен күш сынасты.
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы “T-Mobile Arena” алаңында “UFC” (ережесіз жекпе-жек) чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедов ұйымның экс-чемпионы ирландиялық Конор МакГрегормен кездесті. Аталған бәсекеде дағыстандық спортшы жеңіске жетіп, чемпиондық атағын қорғап қалды.
Жалған дүние-ай! Нар тұлғалы азамат Сәлім Әлмағанбетұлы Құрманғожин да бақилық болды. Содан бері он күн өтті. Жоғарыдағы тиісті ұжымдар, лауазымды қызметкерлер елге қаралы хабарды жеткізетін, қоштасу сөзін айтатын шығар деп күттік. Бәрі бекер болып шықты.
Солтүстікқазақстандық прокурорлар екі бірдей ұйымдасқан қылмыстық топты әшкереледі.
Қызылжар өңірінде әсіресе өкпе және сүт безі қатерлі ісігі кең таралған.
Кеше Петропавлда Қайсар Таштитовке ескерткіш тақта орнатылды.
НҰРЛЫ ЖҮРЕК Елдің шетіндегі, суық желдің өтіндегі, құстың қанатын талдырған, тұлпардың тұяғын тоздырған кең-байтақ Қызылжар топырағы – алуан-алуан жүйріктердің қадамына қуат, қиялына қанат байлаған қасиетті өңір. Бұл өлкеден талай-талай ел бастаған көсемдер, от ауызды, орақ тілді шешендер, батырлар, ақын-жыраулар шыққан. Десек те біздің өңірден түлеп ұшып, қанаты қатайған шағында бүкіл елге танылып, туған топырағының даңқын …
ҚҰДІРЕТІН СЕЗІНДІРІП ҚАЛАМНЫҢ, ЖЫРЛАП ӨТКЕН СЫРЫН, ҮНІН ЗАМАННЫҢ! Read More »
Биылғы тарихи құжатта қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға қатысты көптеген мәселе айтылды. Бюджеттік қызметкерлердің еңбекақысын өсіру, бизнеске қолдау көрсету, ішкі және сыртқы туризмді дамыту, ғылымға көңіл бөлу мәселелері орынды көтерілді. Әсіресе, әлеуметтік сала мен қазақстандықтардың қауіпсіздігі туралы айтылған тың ой көптің көкейіндегіні дөп басқандай.
Ұршықша зымыраған уақытқа дес бере алмайтынымыз ақиқат. Сондықтан да өмір ағымына ілесе білген адамның көштен қалмайтыны анық. Бұл орайда біздің елімізде тұрғындардың әл-ауқатын, өмір сапасын жақсартуға бағытталған кешенді шаралар тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап үзбей жалғасып келеді. Елбасының биылғы жылғы халыққа арнаған “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Жолдауы да әлеуметтің әлеуетін арттыруға …
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты кезекті Жолдауында еліміздің әлемдегі өркениетті және өнеркәсіптік даму жағынан озық елдердің қатарына қосылуы үшін алдымызда тұрған басты міндеттерді нақты тапсырмалар арқылы айқындап берді. Тарихи құжатта айтылған барлық басымдықтар ел тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартып, олардың бәсекеге қабілеттіліктерін көтеретін тиімді тетіктер болып саналады.
“Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған” пошташылар қызметі тарихының тамыры тереңде жатыр. Бүгінгі таңда үлкен реформадан өткен бұл саланың қоғам игілігіне тигізіп отырған пайдасы ұшан-теңіз. Пошта байланысы бүкіл әлемдегідей біздің елімізде де байланыстың бастауы болып табылады.
Премьер-Министр Б.Сағынтаевтың төрағалығымен Президент Әкімшілігінің басшысы Ә.Исекешевтің қатысуымен Мемлекет басшысының “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” Қазақстан халқына арнаған Жолдауында аталған тапсырмаларды орындау мәселелері бойынша Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Үкімет мүшелері Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді іске асыру жөніндегі жоспарлары туралы баяндады.
Қоңыр күз диқандар үшін ғана емес, қалам ұстаған қауым – баспасөз қызметкерлері үшін де мазасыз шақ. Өйткені, нақ осы кезеңде “Қазпочта” акционерлік қоғамы жаңа жылға мерзімді басылымдарға жазылу науқанының басталғанын хабарлайды. Ал біз үшін жауапты науқанды ойдағыдай өткізу, ежелгі достарымыз – оқырмандарымыздың қатарын селдіретіп алмау аса маңызды міндет.