«Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ баспаналы болғысы келетін азаматтарға жаңа бағдарлама ұсынып отыр.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтерлер жаңа салынып жатқан тұрғын үйлерден ғана берілуде. «Баспана Хит» бағдарламасы бұл ретте екінші дәрежелі, яғни бұрын пайдаланылған үйлерден пәтер алудың да мүмкіндігін жасайды. Яғни, 20% алғашқы жарнаны төлеп, 10,75 % жылдық үстемесімен 15 жылға несие алуға болады.