Тайынша ауданында «Bio operations» деп аталатын завод іске қосылды.
Сөйтіп, өндірісі ұзақ уақыт тоқтап қалған «Биохим» заводы қайтадан өнім шығара бастайтын болды. 11 млрд.теңге инвестиция құйылған жаңа кәсіпорын жылына 300 мың тонна жергілікті астықты өңдеп, биоэтанол, крахмал және клейковина шығарады. Бұған дейін бұл өнімдер шеттен сатып алынса, енді солтүстікқазақстандық завод еліміздің қажеттігін толық қамтамасыз ете алатын болады. Бұл тектес заводтар бүкіл әлем бойынша бірнешеу ғана екен. Мұнда 400 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады. Бірегей өндіріс орны өңір экономикасының дамуына жаңа серпін береді деп күтілуде.