Қызылжар өңірінде жол-көлік қозғалысын бақылаудың жаңа жүйесі енгізіліп жатыр.
Бұл автоматты жылжымалы қондырғы жолдарды бақылауға алып, келе жатқан көліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірлерін базадағы мәліметтермен салыстырады, жылдамдық тәртібінің сақталуын бақылайды. Үш аяқты мобильді кешен жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері туралы ақпаратты сол мезетте радиобайланыс арқылы орталыққа жіберіп тұрады. Жаңа жүйе әзірге сынақтан өткізілуде.