«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАҢ БҰЗҒАН ЖОЛСЕРІКТЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Теміржол қызметін пайдаланудың қатаң талаптарына қарамастан, Петропавл қаласында пойызға билетсіз мінетін жолаушылар әлі де бар. Мұндай келеңсіздік мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментімен “Адал жол” жобалық тобының мүшелері қазақстандық теміржол компанияларының жұмысына жүргізген мониторингі барысында анықталды.

Жұмыс тобы теміржол вокзалын тексеру барысында “алыпсатарлар” кездеспеген. Кассаларда айтарлықтай ұзын кезек жоқ, сатылымда билет те бар. Алайда, билеттерді емін-еркін кассадан алуға мүмкіндік бола тұра, жол ақысын жолсеріктердің қолына ұстатып, пойызға отыратындар бар екен.

“Жасырын сатып алушы” “Петропавл – Қызылорда” бағытында қатынайтын №76 пойыздың жолсерігімен Көкшетау қаласына дейін билетсіз баруға келісті. Ал “Алматы 2 – Петропавл” бағытындағы №703Т жүрдек пойызының жолсерігі “жасырын сатып алушыдан” Астана қаласына билетсіз бару үшін 5 мың теңге сұраған. Кассадан алатын болса, бұл бағыттағы билеттің құны – 8500 теңге.

Сондай-ақ, №624 “Петропавл – Астана Нұрлы жол” бағытындағы пойыздың жолсерігі әріптесіне “жасырын сатып алушының” “өзінің адамы” екенін айтып, құжаттарын тексермеуді өтінген. Сонымен қатар “Петропавл – Алматы” бағытында қатынайтын №16 пойыздың жолсерігі де Астана қаласына дейін 4 мың теңгеге билетсіз жолаушыны аламын деп тәртіп бұзды.

 Индира БӘЖЕНОВА,

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp