«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПАРАҚОРЛЫҚ ДЕРТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста биыл сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар көбейген. Бұл жайында облыстық әкімдікте өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткен жиналыста Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ұлттық бюро департаментінің басшысы Құрмаш Сейітбеков мәлімдеді.

Биылғы тоғыз айда 81 қылмыс тіркелсе, соның 68-і – жемқорлық фактісі. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге артық.

Нақтырақ айтар болсақ, қылмыстық істердің тең жартысы жемқорлықтың ауыр түріне жатады. Бюджет қаржысын жымқырудың – 13, қызметін асыра пайдаланудың – 11, алаяқтықтың – 6, қызметтік жалғандық жасаудың 5 фактісі тіркелген.

– Жыл басынан бері парақорлықтың 30 фактісі әшкере болса, соның 20-сы – пара алу, ал 6сы – пара беру қылмыстары, – деді департамент басшысы. Осы кезеңде 30 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Айгүл ЫСҚАҚОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp