«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облысымыздың бірнеше ұстазы жас жеткіншектерге сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбегі және газет беттерінде мақалалар жариялап, озық тәжірибелерін өзгелерге таратқаны үшін Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің Құрмет грамотасымен марапатталды. Марапатты республикалық “Білім айнасы” газетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Жазира Көкбасқызы табыс етті.

Еңбегі еленгендердің бірі – “Береке” шағынауданындағы №26 мектеп-балабақшаның директоры Сәуле Тұрсынова. Мамандығы бойынша математика мен физика пәндері мұғалімінің білім саласындағы еңбек өтілі жиырма тоғыз жыл. Соның үштен бірі №26 мектеп-балабақшаға басшылық етумен өтті. Бұл оқу ордасы – әрі мектеп, әрі балабақша қызметін атқаратын еліміздегі жалғыз мекеме. 754 оқушы білім нәрімен сусындаса, 146 бүлдіршін тәрбиемен қамтылған.

– 2009 жылы осы мектепке басшылыққа келе қазақ сыныптарын ашуды ұйғардым. Қазір 186 бала қазақ тілінде білім алады. Орыс сыныптарындағы оқушыларды да мемлекеттік тілге үйретуді мықтап қолға алдық. Өзім арнайы жазған “Бастауыш сыныпта математика мен жаратылыстану сабақтарын қазақша-орысша билингвалды жүргізу” атты авторлық бағдарламам сараптамадан сәтті өтті. Қазір сол бойынша оқытамыз, – дейді ұстаз.

Дәл осындай марапатқа облыстық спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлнәр Мұстафина мен Қызылжар ауданындағы Бәйтерек орта мектебінің директоры Сяудат Сұлтанғазина да ие болды.

Эльмира КӘЛЕНОВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp