“АЛАЯҚ” ДЕГЕН ЖАҚСЫ АТАҚ ЕМЕС
“Soltustik Qasaqstan” газетінің 9 қазан күнгі санында “Жемқордың алды – жар” деген тақырыппен Петропавл қалалық әкімдігінде қызмет істеген бірнеше бұрынғы мемлекеттік қызметшінің ісі сотта қаралып жатқанын жазған едік.
“Soltustik Qasaqstan” газетінің 9 қазан күнгі санында “Жемқордың алды – жар” деген тақырыппен Петропавл қалалық әкімдігінде қызмет істеген бірнеше бұрынғы мемлекеттік қызметшінің ісі сотта қаралып жатқанын жазған едік.
Петропавлда жасөспірімдер арасында “Семей полигоны” қоғамдық бірлестігінің жүлдесі үшін қазақ күресінен облыстық “Жас барыс” жарысы өтті. Дәстүрлі сайыста облыс орталығы мен 7 ауданнан келген 124 балуан бозкілемде күш сынасты.
Қарттардың орны – төрде, құлыншақтай ойнақтаған немере-шөберелерінің ортасында еді ғой. Өкінішке қарай, қазір кейбірі бейнетінің зейнетін көрер шақта қараусыз қалып, қарттар үйін паналауға мәжбүр. Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің оқушылары Смирноводағы қарттар үйіне барып, қамкөңіл жандарға жүрек жылуын сыйлады.
Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының әртістері драматург Олжас Жанайдаровтың “Бір… екі… үш” қойылымын көрермен назарына ұсынды.
ҰЛЫНЫ ҰЛЫҚТАУ — ҰРПАҚТЫҢ ПАРЫЗЫ Қазақта: “Алтын кездік қап түбінде жатпайды” деген қанатты сөз бар. Мұның мағынасы кең, ұғымы терең. Біздің халқымыздың тарихында талай-талай жол бастаған көсемдер, қол бастаған батырлар, сөз бастаған шешендер, көңілдегі көрікті ойды өлең тілмен жеткізе білген ақын-жыраулар болған.
Өңірімізге жұмыс сапарымен мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин және республикалық арнайы мониторингтік топтың мүшесі Алдан Менкеев келді.
“Қазақстан Ұлттық банкі” АҚ-ы облыстық филиалында үстіміздегі жылдың сегіз айының қорытындысына арналған жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін баспасөз мәслихаты өтті.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес еліміздің 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары жасалған болатын.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әрбір Жолдауының тарихи маңызы зор. Биылғы бағдарламалық құжатты шетте тұрып жатқан қазақтар да қолдап отыр.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” тақырыбындағы Жолдауын облыстық, Петропавл қалалық мәслихаттарының депутаттары “дөңгелек үстел” басында талқылап, стратегиялық құжаттың маңыздылығы мен онда жүктелген міндеттерді жүзеге асыру жолдары жайында пікір алмасты.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кезекті Жолдауын қазан айының бесінде жариялайтынын естігеннен бастап, тарихи құжаттың мазмұнымен, ондағы тың бастамалармен танысуға асыққанымыз рас. “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты жаңа Жолдауда халықтың өмір сүру деңгейін арттыру үшін нақты міндеттер айқындалған.
Облыстық соттың ғимаратында өткен кеңейтілген кеңес барысында аталмыш ведомствоның үстіміздегі жылдың 9 айында атқарған жұмысы қорытындыланды.
Ел игілігі үшін аянбай тер төгу – әрбір азаматтың бойынан табылуы тиіс асыл қасиет. Біздің өңірімізде де адал еңбек, маңдай терімен жұртшылықтың көңілінен шығып, алғыс арқалаған игі жақсылар аз емес. Өмірден өтсе де, есімі ілтипатпен аталып жүрген сондай жанның бірі – Ғалым Шәкіров.
Біздің басты байлығымыз – астық. Күздің жаңбырлы күндері облыс диқандарына қолбайлау болғаны белгілі. Дегенмен, екі ауысымдық жұмыс кестесіне көшіп, бел жазбай еңбектенген шаруалар “астық үшін айқасты” жеңіспен аяқтауға жақын.