«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА АШЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ел игілігі үшін аянбай тер төгу – әрбір азаматтың бойынан табылуы тиіс асыл қасиет. Біздің өңірімізде де адал еңбек, маңдай терімен жұртшылықтың көңілінен шығып, алғыс арқалаған игі жақсылар аз емес. Өмірден өтсе де, есімі ілтипатпен аталып жүрген сондай жанның бірі – Ғалым Шәкіров.

Кеше облыс орталығының Парк көшесінің бойындағы 137 үйдің қабырғасына Ғалым Шәкірұлының құрметіне қойылған мемориалдық тақтаның ашылу рәсімі өтті.

Шараға Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов, алдыңғы толқын өкілдері, туған-туыстары және көз көргендер қатысты. Көпшілік асыл азаматтың өмірі мен еңбек жолынан естеліктер айтып, есімі ардақталып жатқанына алғыс білдірді. Ғалым Шәкірұлы Куйбышев атындағы зауытта қарапайым шебер болып еңбек жолын бастап, жауапкершілігі мол қызметтерді мінсіз атқарды. Ғұмырының соңғы он жылында Солтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің екінші хатшысы болды.

Мемориалдық тақтаны ашу құрметі еңбек ардагері Жақсылық Ысқақов, Александр Липовой және баласы Жәлел Ғалымұлына берілді.

Айгүл ЫСҚАҚОВА,

“Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp