«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НЕСИЕЛЕУ АРТТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Қазақстан Ұлттық банкі” АҚ-ы облыстық филиалында үстіміздегі жылдың сегіз айының қорытындысына арналған жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін баспасөз мәслихаты өтті.

Филиал директоры Диас Мэлстің айтуынша, қыркүйек айында еліміз бойынша инфляция 0,4 пайызды құрады.

– Соңғы екі айда валюта нарығындағы жағдай құбылмалы болды. Оған сыртқы факторлар өзіндік әсерін тигізбей қоймады. Бұған қарап ұлттық валютамыз – теңгенің әлсіреуіне жол берілуде деген ой тумаса керек. Осынау құбылмалы жағдайдың туындауына әсер еткен екінші фактор – Ресейге қарсы санкциялардың қатаңдауы. Соның салдарынан жыл басынан Ресей рублі 15 пайызға әлсіреді, – дейді Диас Ержанұлы. Банк жұмысында да кемшіліктер тіркелген. Тиісті нормативтерді бұзған “Эксим банк” және “Астана банкі” АҚ-ын банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияларынан айыру туралы шешім қабылдаған. Бүгінде облыс бойынша 103 валюта айырбастау қосыны жұмыс істейді. Солар арқылы 2018 жылдың 8 айы ішінде 25,9 миллион АҚШ доллары, 2,97 миллион еуро және 5 748,9 миллион Ресей рублін айырбастау операциялары жүргізілген. Облыс бойынша несие нарығындағы жағдай да ойдағыдай. Несиелеу 11,8 пайызға өсіп, өсім 116 миллиард теңгені құрады.

Тамыз айының соңындағы есепке жүгінсек, депозиттер көлемі республика бойынша 17,7 триллион теңгені құраса, облыстағы екінші деңгейдегі банктерде 156,2 миллиард теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 14,7 пайызға артық.

Баспасөз мәслихаты барысында “Қазақстан ұлттық банкі” АҚ-ы облыстық филиалының директоры Диас Мэлс журналистердің қойған сауалдарына жауап берді.

 Қошан ҚАЛИ,

“Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp